Енді сарбаздарға шаш өсіріп, бетіне сурет салуға да болады
Канадада әскери адамдарға жынысына қарамастан белдемше киюге, шаш пен тырнақ өсіруге, бетіне сурет салуға рұқсат етілді.
Ria.ru-дың хабарлауынша, Канада билігі осындай жарғы шығарды. Ереженің жаңартылған нұсқасы қыркүйек айында күшіне енеді. Әскери киімдер жынысына қарай бөлінбейді. Ер адамдар белдемше кигісі келсе, оған рұқсат етіледі. Сондай-ақ әйелдердің басқа да киімдерін кие алады.
Әскердегі әйел адамдарға да ерлер сияқты киініп жүруге рұқсат берілді.