×

Әскердегі ер адамдарға белдемше киім, тырнақ бояуға рұқсат берілді

Енді сарбаздарға шаш өсіріп, бетіне сурет салуға да болады

 Дастан Жұмабекұлы 07.07.2022 | 09:38
фото: rg.ru

Канадада әскери адамдарға жынысына қарамастан белдемше киюге, шаш пен тырнақ өсіруге, бетіне сурет салуға рұқсат етілді.

Ria.ru-дың хабарлауынша, Канада билігі осындай жарғы шығарды. Ереженің жаңартылған нұсқасы қыркүйек айында күшіне енеді. Әскери киімдер жынысына қарай бөлінбейді. Ер адамдар белдемше кигісі келсе, оған рұқсат етіледі. Сондай-ақ әйелдердің басқа да киімдерін кие алады.

Әскердегі әйел адамдарға да ерлер сияқты киініп жүруге рұқсат берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама