×

Шаңғы жарысынан Бейжің Олимпиадасына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

Олимпиадада еліміздің атынан жеті шаңғышы сынға түседі

 Халық үні 21.01.2022 | 15:00
фото: ашық дереккөзден

Команданың бас бапкері Александр Батяйкин осылай деп мәлімдеді. 

Қысқы ойындарда екі ер адам мен бес әйел адам сынға түседі. Жарыс жолына Ксения Шалыгина, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Надежда Степашина, Ангелина Шурыга, Виталий Пухкало және Евгений Величко шығады. 

Команда құрамы бекітілді. Бейжіңге Ксения Шалыгина, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Надежда Степашина, Ангелина Шурыга, Виталий Пухкало және Евгений Величко аттанады. Бапкерлер құрамына мен, Владимир Борцов пен Андрей Невзоров енді.

Алғашында сегіз жолдама аламыз деп жоспаралағанбыз. Алайда, бір квотаға қолымыз жеткен жоқ. Мен ерлер мен әйелдер арасындағы екі эстафетаға да қатысамыз деп ойлаған едім.  Біз пандемия мен шектеулерге байланысты біраз турнирге қатыса алмадық. Тек қана Германияның Оберстдорф қаласында өткен әлем біріншілігінде бақ сынадық.

Олимпиадада біздің спортшылар барлық қашықтық бойынша сынға түседі. Тек эстафетадан сырт қаламыз. Қазір команда мүшелері Италияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Олимпиадаға 29 қаңтар күні ұшып барамыз», - деді Батяйкин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама