Halyq Uni логотип
×

Өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған Медведевтің хаттары жарияланды

Ол Путин мен оның сыбайластарын жек көретінін жазған

 Дастан Жұмабекұлы 07.07.2022 | 08:52
Өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған Медведевтің хаттары жарияланды
фото: from-ua.com

Ресей экс-президенті Дмитрий Медведев суицид жасауға әрекет етіп, аман қалған болатын. Бұл туралы TCH телеарнасы хабарлады.

Оқиға 28 маусымда болған сияқты.

Дмитрий Медведевтің өзіне қол жұмсамақ болған әрекеті сәтсіз аяқталғаны жайында хабар тарап кетті. Телеарна мұны GeneralSVR телеграм-арнасының мәліметіне сүйеніп жариялағанын баяндады. Онда Ресейдің бұрынғы президенті Дмитий Медведевтің суицид жасағысы келгені, оның кабинетін тазалап жүрген қызметші әйел үстел үсті мен еденде шашылып жатқан қағаздарды кездейсоқ көріп, ондағы жазылған сөздерді оқып қалғаны, оларда Дмитрий Анатольевичтің өлер алдындағы хатының бес түрлі үлгісі ірі етіп жазылғаны хабарланған.

Қызметші әйел дереу мұны күзетке жеткізеді. Ал күзетшілер қолында тапаншасы бар, қатты мас болып отырған Медведевті тауып алады. Олар біршама уақыт сөйлесіп, көндіргеннен кейін ол пистолетті береді. Экс-президенттің қалтасынан оның ең соңғы, алтыншы вариантты хаты табылады. Осының бәрі Путинге баяндалады. Путин сол бойда Медведевке енді түпкілікті шешім қабылданғанша арақ іштірмеуді, оның әрбір қадамын аңдып отыруды тапсырады. Инцидентті жария етпеу жөнінде ұйғарым жасалады, – делінген хабарламада.

Медведев өзінің жазбасында соғысты өлердей жек көретінін, өзін және өз елін бүкіл әлемнің қорлап жатқаны жанына қатты тиетінін жазған көрінеді.

Дмитрий Медведев өз жазбаларында бұл қорлау мен жан күйзелістерін көтере алмайтынын, өзін ештеңеге қабілеті жоқ бейшара сезінетінін, соғыс пен оны тұтандырғандарды жек көретінін, өзінің өліміне Ресей президенті Владимир Путинді, Юрий Ковальчукті, Николай Патрушевті, Александр Бортниковті және Игорь Сечинді айыптайтынын жазған. Медведев хаттары варианттарының бірінде қуыршақ болып өмір сүру өзін жалықтырғанын жазыпты. Іс жүзінде бұлардың бәрі жүйесіз, шатпақ түрінде және эмоциямен жазылғаны көрініп тұр, соған қарағанда, ол мұны мас болып отырып жазса керек, – деп баяндады канал.

Медведев Ресей әскерінің Украинаға шабуылы алдында өздерін өздері жариялаған «ДХР» және «ЛХР» деген бандиттік құрылымдарды мойындау туралы әңгімені бастағандардың бірі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама