Halyq Uni логотип
×

Жақын арада Қазақстандағы кедейлердің саны 1,5 млн-ға жетуі мүмкін

Ресми дерекке көз жүгіртсек, бүгінгі таңда елде 1 млн-ға жуық кедей бар

 Қанат Атаманов 07.07.2022 | 07:00
Жақын арада Қазақстандағы кедейлердің саны 1,5 млн-ға жетуі мүмкін
Фото: ашық дереккөздерден

Кейбір экономист пен саясаткерлер шынайы кедейлік көрсеткіш әлдеқайда көп болуы мүмкін дегенді айтады. Себебі нақты сандарды ашу билікке тиімсіз, деп жазады Ulysmedia.kz порталы.

Бір қызығы, былтыр, пандемия бар, бірақ геосаяси шиеленіс жоқ 2021 жылдың бірінші тоқсанында, халық осы аталған өнімнің барлығын дерлік қазіргіден біршама көп тұтынған. Мәселен, жағдайы төмен бір адамға тәттілер 5,2%, балық және теңіз өнімдері 0,8%, май және тоңмай 4,4%, жұмыртқа 0,7%, картоп 3,6%, көкөніс 5,1%, сүт және сүт өнімдері 6,8%, ет және ет өнімдері 4,9%, нан және нан өнімдерінің үлесі 2,9% артық тиген. Жеміс-жидек қана қазіргіден 7,5% азырақ болған.

Негізгі деп саналатын тағамдарды тұтыну көрсеткіші 2010 жылдан бері болар-болмас көрсеткішпен жоғарылап келе жатқан. Бірақ былтыр 2018, 2019 және 2020 жылғы деңгейіне жетпей, құлдилай кетті. «Тойып тамақтанбау (аштық) қаупі бар» деп есептелетін халықтың үлесі, 2020 жылғы есеп бойынша, 4,4% құрады.

Ресми дерекке көз жүгіртсек, елде 1 млн-ға жуық кедей бар. Олардың, яғни отбасындағы айлық табысты жан басына шаққанда күнкөріс деңгейінен төмен болады: айына 38 мың теңгеден аз айналады. Ал адам басына айына, шамамен, 70 мың теңгеден үлес тиген болса, ондай оның жағдайы біршама жақсы деп қаралады. Дегенмен, мұнымен енді көп адам келісе қоймасы анық, деп ойлаймыз.

Кейбір экономист пен саясаткерлер шынайы кедейлік көрсеткіш әлдеқайда көп болуы мүмкін дегенді айтады. Себебі нақты сандарды ашу билікке тиімсіз: жүдеу ел неғұрлым көп болса, әлеуметтік шығындарды көбейту қажеттілігі туындайды. Сонымен бірге дамыған 30 елдің ішіне кіреміз деген билік мақсаты күл-талқан болып, елдің беделіне теріс әсер етеді.

Дүниежүзілік банктің болжауынша, жақын арада елдегі кедейлер саны 1,5 млн-ға жетуі мүмкін.

Дүниежүзілік банктің Қазақстан экномикасын қысқаша шолуына сүйенсек, қаңтар оқиғасынан кейін адам әлеуетін арттыру, өмір сүру деңгейін жақсарту, еңбек өнімділігінің тоқырауына қарсы күрес және төмен көміртекті экономикаға көшуді жеделдету үшін билікке реформа жасау қажет болды.

Ресей экономикасының құлдырауы да Қазақстанға өнім жеткізуді қиындатты, экономикалық өсу перспективалары нашарлады. Биыл, 2022 жылы нақты ЖІӨ өсімі 1,5-2%-ға дейін баяулайды деп күтіледі.

Жоғарыда аталған жағдайлар, ең әуелі, азық-түлік қауіпсіздігі – ұлт қауіпсіздігі екенін аяқ асты есімізге салды. Қант тапшылығы мен бағасының өсуі, өзге де тауарлардың қымбаттауы қоғамды дүрліктіріп жіберді. Барды экспорттап, жоқты импорттап ала берудің көресісін көріп жатырмыз. Жыл басынан бері ешбір өнімнің арзандағаны байқалмайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама