Halyq Uni логотип
×

Қостанайда тәрбиеші 3 жасар баланың бұғанасын сындырған (ВИДЕО)

Сұмдық оқиға Қостанайдағы балабақшалардың бірінде болған

 Қанат Атаманов 07.07.2022 | 06:00
Қостанайда тәрбиеші 3 жасар баланың бұғанасын сындырған (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қостанайдағы №61 балабақшада тәрбиеші орындықта отырған үш жасар баланы дұрыс отырғызамын деп, құлатып алған. Жалп етіп еденге сәтсіз құлаған баланың бұғанасы сынады. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан баланың еденге құлап, жылай бастағанын көруге болады. Тәрбиеші жедел жәрдем шақырудың орына оны жұбата бастайды.

Бүгінде зардап шеккен бала емделіп жатыр. Ал тәрбиеші еңбек демалысына кетіп қалған. Өкінішке қарай, балабақша басшылығы бұл мәселеге назар аудармаған.

Ол жақсы тәрбиеші, басқа ештеңе айта алмаймыз, - дейді директордың орынбасары Ботагөз Омар. 

Болған оқиғадан кейін баланың ата-анасы полицияға арыз жазған. Алайда, тәртіп сақшылары 141-бап бойынша қылмыс құрамын көрмегендерін мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама