15 жасар қыздың беташары Сарысу ауданында өткен
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Саудакент ауылында 9-шы сыныпты тамамдаған оқушылар отау құрған. 15 жасар қыздың беташары Сарысу ауданында өткен. Жамбыл облысындағы бұл жағдайды арнайы комиссия тексеретін болады.
Комиссияның шешімінен соң толық мәлімет айтылады. Ал олардың ата-аналарына қатысты материалдар кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі, - дейді білім басқармасындағылар.
Оқушыларды мұндай қадамға баруға итермелеген махаббат па әлде басқа жағдай ма, әзірге белгісіз.