Елордада 13-қабаттан құлаған 3 жастағы қыз тіл тартпай кетті

Халық үні

Қыздың анасы үйде болған

Фото: ашық дереккөздерден

Кішкентай қыз 13-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетіп, алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға 5 шілде күні сағат 21:57-де болған. Үйде анасы бола тұра 3 жастағы қыз терезеден құлап кеткен.

Жазатайым оқиғалардың көбі ата-аналардың балалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауына байланысты. Бала ересектердің көз алдына көрінбей кетіп, үйде терезе ашық қалса, құлау қаупі өте жоғары, - деп ескертеді елордалық Полиция департаменті.

Ювеналды полиция инспекторлары тұрақты түрде елорда тұрғындарымен балалардың көп қабатты үйлердің терезесінен құлап кету фактілеріне жол бермеу бойынша түсіндіру әрі профилактикалық жұмыстар жүргізеді.