98 шетел азаматы елден шығарылды

Халық үні

Елордада «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті

Фото: ашық дереккөздерден

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана полицейлері 27 маусымы мен 4 шілде аралығында қаладағы құрылыс нысандарын, қонақүйлер, жатақханалар, адамдар көп жиналатын орындар мен шетел азаматтары заңсыз болуы мүмкін жерлерді тексеріп шықты. Мақсат – еліміздегі көші-қон тұрақтылығын сақтап, заңсыз көші-қонның криминогендік жағдайға теріс әсерінің алдын алу.

Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Қазақстанда болу ерфежесін бұзғаны үшін 1358 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 98 шетел азаматы елден шығарылды. Соның ішінде 8 шетелдікті соттың шешімімен елден шығаруға тура келді. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 340 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 275 азамат шақырылған шетелдіктердің белгіленген келу қағидаларын бұзған, ал 65 адам шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды елорданың полиция департаменті.

 Жедел-алдын алу іс-шараларының нәтижесі көрсетіп отырғандай шетел азаматтары Қазақстан Республикасына келу, елде болу және елден кету тәртібі ережелерін жиі бұзады.