Тоқаев «Болашақ» бағдарламасына қатысты күрделі өзгерістерді жария етті
Президент елдегі оң өзгерістер көбіне бизнеске байланысты екенін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» білім беру бағдарламасының бағыты өзгертетінін мәлімдеп, Үкіметке елімізде білім беру жүйесін қайта қарастыру қажет екенін тапсырды.
«Мен жалпы елдің білім беру саласын қайта құрғым келеді. Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлер мен тағы басқаларын тым көп шығарамыз. Бізге қазір білімді техникалық бағытқа бұру қажет. «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарымызды оқуға, соның ішінде Ресейге жібереміз. Бәлкім, бірінші кезекте Ресейдің танымал техникалық оқу орындарына жіберетін шығармыз», - деді Тоқаев.
Тоқаев техникалық мамандықтар бойынша әлемнің жетекші университеттерінің филиалдарын ашу туралы мәселе қойғанын еске салды.
Қазақ жастары технарь болуға тиіс. Менің пікірім осындай. Үкімет бұл мәселелерді егжей-тегжей пысықтауы керек. Егер әр қаржылық өнеркәсіп тобы заманауи зауыт тұрғызып, ауылдардан, елді мекендер мен ірі қалалардан шыққан 1 мың қарапайым баланы оқытса, оларға адал әрі жақсы табыс табуға мұмкіндік берсе, бұл әлеуметтік тұрақтылықтың нағыз кепілі, - деді Тоқаев.
Президент бұл бизнестің жауапкершілігі болуға тиіс екенін атап өтіп, ірі бизнес өкілдерін колледждерді қамқорлыққа алып, олардың қамқоршылық кеңестеріне кіріп, жастарды практикаға алып, олардың зертханалары мен шеберханаларын жарақтандыруға шақырды.