Halyq Uni логотип
×

Атырау облысында өрт сөндіруші мен полицей жағаласып қалды (ВИДЕО)

Патрульдік полиция қызметкері тәртіптік жауапқа тартылған

 Еркеғали Болатұлы 05.07.2022 | 18:03
Атырау облысында өрт сөндіруші мен полицей жағаласып қалды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Атырау облысында полицейлер мен өрт сөндірушілер жанжалдасып қалды. Желіде оқиғаның видеосы тарады. Видеоға қатысты ТЖМ мен облыстың полиция департаменті пікір білдірді.

Иә, ондай жағдай болды. Біздің күштер өрт болған жерге барып, оны сөндіруге кіріскен, бірақ аумақты сөндіру кезінде тұрғындар, бейтаныс адамдар жүрген. Өрт сөндіру барысын басқарған біздің қызметкер полицейлерден оларды шығаруды сұраған. Оған полицей дөрекі жауап берген. Сол кезде олардың арасында кикілжің болған. Ешқандай төбелес болған жоқ. Кейін оларды ажыратқан. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

ТЖМ екі тараптың уәждері тексерілетінін атап өтті. Тексеріс нәтижелері кейінірек жарияланады. Сондай-ақ облыстық полиция департаменті де қызметкерлер арасында түсініспеушілік болғанын растады.

2 шілдеде полиция департаменті әлеуметтік желіде ТЖД қызметкері мен патрульдік полиция қызметкері арасындағы жанжал түсірілген видеоға қатысты қызметтік тексеру жүргізді. Қызметкерлердің бейнежетондарынан алынған бейнежазбалар қаралып, осы хабарлама кезінде барған қызметкердің бәрі тексерілді. Екі қызметкердің арасында түсініспеушілік туындаған, зардап шеккендер жоқ, - деді Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ПД өкілдері.

Тәртіп сақшылары қызметтік тексеру қорытындысы бойынша патрульдік полиция қызметкері тәртіптік жауапқа тартылғанын нақтылады. Ал өрт сөндірушіге қатысты шешімді ТЖД қабылдайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама