Текелідегі лай көшкіні: зардап шеккен Гүлнар Тілеухан пәтер алды
Осы апаттан оның 5 жасар қызы қаза тапқан болатын
Осыдан бір жарым ай бұрын Текелідегі лай көшкінінен оншақты үй зардап шегіп, бір үй түгел қирап қалған еді. Осы қираған үйдің иесі Гүлнар Тілеухан екі бөлмелі пәтерге қоныстанды.
Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.
Үй мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен берілді. Баспананы тұрмыстық техникамен, жиһазбен жабдықтауға Алматы және Жетісу облысы әкімдігі қолдау көрсетті.
Алла бұйырып, екі бөлмелі баспана берді. Қазір көңіл-күйім орташа. Бәріңізге алғысым шексіз Алланың нұры жаусын. Жақсылық болсын. Амандық тілеймін, – деді Жетісу облысының тұрғыны Гүлнар Тілеухан.
Текелідегі лай көшкінінен зардап шеккен басқа да отбасы уақытша баспанамен қамтылған. Әр отбасыға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем берілді.
Осы апаттан Гүлнар Тілеуханның 5 жасар қызы қаза тапқан болатын.