Си Цзиньпин Путиннің шақыруын қабылдамады
ҚХР төрағасы Мәскеуге пандемияның кесірінен бара алмайтынын айтты
Қытайдың төрағасы Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруын қабылдамады. Ол мұны коронавирус ауруының өршіп бара жатқанымен түсіндірді.
Бұл туралы «Вечерняя Москва» басылымы хабарлады.
15 маусымда Ресей президенті Владимир Путин мен Қытайдың төрағасы Си Цзиньпин телефонмен сөйлесіп, кездесу туралы келіскен еді. Алайда ҚХР басшысы соңғы сәтте коронавирус пандемиясына байланысты Мәскеуге бара алмайтынын айтты. Ол күзге дейін шетелге шықпайтынын, елде болатын Қытай коммунистік партиясының кезекті съезіне дайындалатынын атап өтті, – делінген материалда.
Осы жерде атап айтатын бір нәрсе, ҚХР төрағасы 2020 жылдың қаңтар айының соңынан бері ешқандай елге ресми сапар жасаған жоқ.