Halyq Uni логотип
×

«Ресейді аңсадық»: Қазақстан азаматтары шекараны бұзғаны үшін сотталды

Оның біреуі 1 жыл 8 айға, екіншісі 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды

 Дастан Жұмабекұлы 05.07.2022 | 15:38
«Ресейді аңсадық»: Қазақстан азаматтары шекараны бұзғаны үшін сотталды
фото: pkzsk.info

Қазақстанның екі азаматы Ресеймен мемлекеттік шекараны заңсыз өткені үшін Қорған облысы Петухов ауданы сотының шешімімен бас бостандығынан айырылды.

Федералды қауіпсіздік қызметінің Қорған облысы бойынша басқармасының хабарлауынша, сотталғандар шекарадағы өткізу пунктін айналып өтіп, Ресей аумағына кірген. Сол жерде оларды ФҚҚ-ның қызметкерлері  ұстаған.

Қазақстанның азаматтары Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданынан келген. Олар өткізу пунктін айналып өткенде теміржол бойында ұсталды. Шекараны бұзған адамдар Қорған және Тюмень облыстарының ФҚҚ-ның қызметкерлеріне Ресейде аңсап келгенін, РФ-да тұрғылары келгенін айтқан, - деп хабарлады Федералды қауіпсіздік қызметінің Қорған облысы бойынша басқармасы.

Шекараны бұзған азаматтардың біреуі 1 жыл 8 айға, екіншісі 1 жыл 9 айға сотталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама