Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда тұрғындардың өмір сүру жасы ұзарады

Салауатты өмір салтын ұстанатындар саны 40%-ға өседі

 Дәурен Ерболат 05.07.2022 | 15:18
Қазақстанда тұрғындардың өмір сүру жасы ұзарады
Фото: Sputnik

2025 жылға қарай қазақстандықтардың өмір сүру жасын 75-ке дейін ұзарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы қабылданғанын атап өтті.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2025 жылға қарай саламатты өмір салтын ұстанатын азаматтар үлесін 40%-ға дейін, өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұлғайту, инфекциялық емес ауруларды 7%-ға дейін төмендету, медициналық оңалту қызметтерімен 75%-ға дейін қамту жоспарланып отыр, - деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ Ажар Ғиният биыл 166 жастар орталығына шамамен 1,7 млрд теңге көзделгенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама