×

Астанада жазғы демалыста мектеп оқушысы суға батып кетті

Бала достарымен шомылып жүрген

 Дастан Жұмабекұлы 05.07.2022 | 11:37
фото: elorda.info

Нұр-Сұлтан қаласының Тұран даңғылы жағынан өзен жағалауында мектеп оқушысы суға батып кетті.

Оның өзен жағалауына достарымен шомылып жүріп суға батып кеткені белгілі болды.

Полиция департаменті азаматтарды суға түскенде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Балалардың суға кетпеуі үшін ата-аналарға перзенттеріне мұқият болуын сұраймыз. Балалардың ересек адамдардың қадағалауынсыз және белгіленбеген орындарда шомылуына үзілді-кесілді тыйым салынады, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірігіп шомылу орындары мен коммуналдық жағажайларды тексеріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама