×

Қостанайдың көшелерін су басып кетті

Қазір коммуналдық қызмет жағдайды қалпына келтірген

 Дастан Жұмабекұлы 05.07.2022 | 11:09
фото: видеодан кадр

4 шілде күні Қостанай қаласына толассыз жаңбыр жауып, соның салдарынан көшелерді су басып кетті.

«Наша газета» басылымының Instagram-дағы парақшасында көліктер мен автобустардың су басқан жолмен жүріп жатқан видеосы жарияланған.

Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, коммуналдық қызмет жағдайды қалпына келтірген. Қазір халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қаланың құбырлары нөсер жауғанда бітеліп қалды. Гагарин көшесіндегі көпірдің астына үнемі су жиналады. Қазір жағдай реттелді. Құдықтар ашылып, судың бәрі кетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама