Алматының халқы 2030 жылға қарай 4 миллионға көбейеді
Мигранттардың көптеп келуі мегаполистің жылдам дамуына әсер еткен
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 2025 жылға дейін Даму жоспарының негізгі артықшылықтарын талқылау кезінде қала халқының саны 2030 жылға қарай 4 миллионға жететінін айтты.
Оның айтуынша, мигранттардың көптеп келуі мегаполистің жылдам дамуына әсер еткен.
Қала халқының тез көбеюін есепке ала отырып, Алматы агломерациясында 2030 жылға қарай 4 миллион адам болады. Қаланың негізгі ядросына үлкен ауыртпалық түсіп отыр. Мұнда сапалы әлеуметтік инфрақұрылым нысандары орналасқан. Оларға мектеп, балабақша, аурухана мен театр, саябақ мен басқа да әлеуметітк нысандар кіреді, – деді Досаев.
Сонымен бірге ол қаланың жаңа аудандарында халық көбейіп жатқанымен, сапалы әлеуметтік инфрақұрылым, қоғамдық кеңістіктер мен жасыл желектің жетіспейтінін айтты.
Алматы дамытуда әлеуметтік теңсіздікті жою үшін керек. Мысалы, барлық аудандарда тұрмыстық жағдайды жақсарту керек. Қаланың батыс, солтүстік, оңтүстік-батыс, шығыс қақпасы мен тарихи орталықта тұратын халықытң жағдайын бірдей жақсартуды айтамын. Бұл маңызды міндетті орындау үшін жыл соңына дейін Алматының 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспары дайындалады, – деді қала әкімі.
Ол осы жоспарға сәйкес, алдағы уақытта Алматының адам танымастай өзгеретінін атап өтті.