Бурабайда 19 жастағы астаналық таудан құлап, ауруханаға түсті
Салдарынан жігіттің аяғы сынып, түрлі дене жарақатын алды
Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай бүгін сағат 16.47 шамасында «Туфелька» тауында болған.
Тауға көтірлмекші болған Нұр-Сұлтан қаласының 19 жастағы тұрғыны 20 метр биіктіктен құлап кетті. Салдарынан жігіттің аяғы сынып, түрлі дене жарақатын алды. Оған құтқару бекеті басшысының міндетін атқарушы Максим Пономарев бастаған құтқарушылар – Александр Попов, Әлібек Айтжанов, Евгений Ляхов көмекке келді. Құтқарушылар зардап шеккенді зембіл арқылы тау етегінде тұрған жедел жәрдем көлігіне жеткізді, - ведомство өкілдері.
Осы ретте, ТЖД қызметкерлері демалушыларға таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.