Halyq Uni логотип
×

Binom мектебіне оқуға құжат тапсырғысы келгендердің арасында жанжал туды (ВИДЕО)

Ата-аналар таңғы 5-тен Binom мектебінің алдында кезекте тұрған

 Қанат Атаманов 04.07.2022 | 20:30
Binom мектебіне оқуға құжат тапсырғысы келгендердің арасында жанжал туды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөздерден

Елордада Жағалау ауданындағы «Зәм-Зәм» тұрғын үй кешені жанында ашылғалы жатқан Binom мектебіне оқуға құжат тапсырғысы келетіндердің арасында жанжал шықты. Таңғы бестен бастап астаналықтар баласын 1-сыныпқа түсіру үшін кезекте тұрған. Алайда, құжаттарды қабылдау басталғаннан бірнеше минут өткен соң мектепке орын жоқ екені айтылды.

Бұған ашуланған астаналықтар әкімдік пен мектеп әкімшілігінен оқу орнының тез толтырылуына не себеп болғанын және оқуға түсушілер арасында кезектің неліктен ашық өтпегенін анықтауды талап етуде. Кейбір тұрғындар пәтерін сатып, бесінші Binom мектебі ашылатын ауданда жаңа баспана алған. Бірақ бұл ауданда тіркелгендеріне қарамастан, адамдар құжаттарын тапсыра алмайды.

Біз таңғы бестен бастап кезекке тұрдық. Біз мұнда күн астында тұрмыз, бізді тіпті мектеп ауласына кіргізбейді. Біз үшін орындықтар да қойылмады, - дейді тұрғындардың бірі.

Білім ғимаратының өкілдері мектепке құжатты онлайн режимінде сәуірден бастап қабылдау жүріп жатқанын түсіндірді. Сол кезде мектептің негізгі контингенті қабылданған. Офлайн өтінімдер бойынша орындар саны санаулы минутта жабылды. Өйткені мектепте оқығысы келетіндердің қарасы қалың.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында төрт Binom мектебі жұмыс істейді. Бесінші мектеп биыл қыркүйек айында («Зәм-Зәм» тұрғын үй кешені жанында) есігін ашады. Бұл оқу ордасы 4 мың оқушыға шақталған.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама