Halyq Uni логотип
×

ҚМДБ ЛГБТ-ны насихаттайтын мультфильмнің прокатына қарсы үн қатты

Бұл – азғындықтың ең сорақысы, шайтанның лағынет ісі

 Еркеғали Болатұлы 04.07.2022 | 17:27
ҚМДБ ЛГБТ-ны насихаттайтын мультфильмнің прокатына қарсы үн қатты
фото: ашық дереккөз

Arbat.media тілшісінің сауалдарына жауап берген ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы басқарма әкімшілігінің 14 шілдеде ел кинотеатрларында прокатқа шығуы тиіс ЛГБТ кейіпкерлері бейнеленген «Buzz Lightyear» мультфильмін көрсетуге қарсы екенін айтты.

Сондай-ақ ол Конституцияға сәйкес Қазақстан зайырлы мемлекет болғанмен, «мұсылман елі» де екенін атап өтті. Елде ресми дін жоқ.

Біз балаларды «зиянды тәуелділіктен» қорғауымыз керек. Бұған ата-аналар жауапты. Сондықтан ҚМДБ ЛГБТ насихаты бар мультфильм көрсетуді қолдамайды, - деді ҚМДБ ресми өкілі.

Оған мысал ретінде «кейбір фрагменттері заңға және адами нормаларға қайшы келсе, олар кесіліп тасталады» деген басқа елдердің ұстанымын келтірді.

Айта кетсек, мультфильмге әлемнің 14 елінде – Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Мысыр, Иордания, Ирак, Катар, Кувейт, Ливан, Оман, Палестина, Сауд Арабиясы және Сирияда ғана тыйым салынған. Басқа елдерде оны көрсетуге рұқсат етіліп отыр.

Ағабек Қонарбайұлы қазақстандықтардың ата-бабаларының «ғасырлар бойы ислам дінін ұстанғанына», ал бір жыныстылардың некесі қашанда «жат құбылыс» екеніне назар аударды.

Шариғатымыз бойынша ерлер мен әйелдердің бір жынысты қатынасқа түсуі харам. Бұл – азғындықтың ең сорақысы, шайтанның лағынет ісі. Мәңгілік өмірде олардың жазасы ауыр, - деді ол.

Еске сала кетсек, «Buzz Lightyear» мультфильмі екі әйел кейіпкердің сүйіссуі көрсетілген кадрға байланысты көп пікірталас тудырған болатын. Оның ішінде Қазақстанда әлі жарияланбаған мультфильмге қарсы петиция да жарияланды. Оған 25 мыңнан астам адам қол қойған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама