×

Қарағандыда мамандар өртті сөндіре алмай жатыр

Полицейлер тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп үлгерген

 Дәурен Ерболат 04.07.2022 | 17:00
Фото: regnum.ru

Қарағандыда қатты жел соғып, мамандар өртті сөндіре алмай жатыр, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Бүгін сағат 12:02-де 112 пультіне қаладағы Осевая көшесі жанында «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығында» шөптер мен ағаштардың жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрттің алдын ала аумағы – 200 гектар.

Алайда қатты жел болғандықтан оны сөндіру қиындық тудырып жатыр. Тілсіз жаумен күресуге ТЖД, орман шаруашылығының қызметкерлері, ТЖМ №52859 әскери бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардың 200 қызметкері мен 40 техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері саяжай тұрғындарын эвакуациялады, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ өртті сөндіру үшін Нұр-Сұлтаннан МИ-875 тікұшағы жіберілді.

Сонымен қатар бүгін сағат 13:22-де «Восток-3» шағын ауданындағы ағаш отырғызылған аумақта өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері тұрғындарды сақ болуға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама