Бір бала басқа бөлмеге тығылып, ажалдан аман қалды
Павлодар облысында жер үйдің ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар екі адамның денесі табылды.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 3 шілдеде сағат 02.10-да Тереңкөл ауданының Береговое ауылында Мир көшесінде болған. Жер үйдің ауласынан 46 жастағы үй иесі мен онымен бірге тұратын 48 жастағы ер адамының пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылды.
Марқұмның кәмелетке толмаған баласы зардап шеккен жоқ, өйткені ол үйдегі бөлмелердің бірінде тығылып қалған», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Осы қылмысқа күдікті ретінде 22 жастағы ауыл тұрғыны анықталып, ұсталды. Оқиға орнында қажетті тергеу жүргізілді.
Қазір осы оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі, екі және одан да көп адамды өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстың мән-жайы тергеу барысында анықталады.
Қылмысты тергеумен Павлодар облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы айналысады. Іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды.