Оның көбісі қала тұрғындарының арасында тіркелген
Биылғы қаңтар-сәуір айларында еліміз бойынша 5680 ажырасу тіркелген. Оның ішінде 4639-ы – қала тұрғындарының ажырасу көрсеткіші.
Ұлттық статистика бюросының StatGovKz Telegram-арнасында хабарланғандай, биылғы 4 айдың көрсеткіші бойынша ауыл тұрғындары арасындағы ажырасу көрсеткіші – 1014.
Былтыр елімізде 48,2 мың ажырасу тіркелсе, соның 34,8 мыңы (72,2%) қала тұрғындарының үлесіне тиесілі.
Ең көп ажырасу астанада тіркелді. 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 3,54 болды. Ең төменгі көрсеткіш – Түркістан облысында, 1000 адамға 1,20 жағдайдан келіп отыр. Ажырасудың басым бөлігі ортақ баласы жоқ ерлі-зайыптылар арасында болып жатыр. Бұл көрсеткіш – 60,5%, ортақ бір баласы барлар арасындағы ажырасу үлесі – 20,8%, кәмелетке толмаған 2 және одан көп баласы барлар арасындағы көрсеткіш – 18,7%, – делінген Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметінде.
Сонымен қатар жалпы ажырасудың басым бөлігі яғни, 34,1%-ы отасқанына 10 жылдан асқан отбасылар.