Halyq Uni логотип
×

Алматы «сары» аймаққа өтті

Қаланың бас санитар дәрігері қаулы дайындап жатқанын атап өтті

 Дәурен Ерболат 04.07.2022 | 16:37
Алматы «сары» аймаққа өтті
Фото: Tengrinews.kz

Алматы коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа өтті. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Алматы қаласы «сары» аймаққа өтті. Қаланың бас санитар дәрігері қаулы дайындап жатыр. Онда барлығы жазылған. Біз әрбір қазақстандықты коронавирусқа қарсы вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырамыз, - деді Ержан Байтанаев

Оның айтуынша, бүгінде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың 80%-ы вакцина алмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама