×

Алматыдағы «Бақорда» базарының маңы тағы отқа оранды

Көлік доңғалақтары мен қоқыс өртенді

 Дастан Жұмабекұлы 04.07.2022 | 16:09
фото: Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті

Алатау ауданындағы «Бақорда» базары маңында көлік доңғалақтары мен қоқыс өртенді.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 4 шілде күні сағат 12.32-де 101 пультіне Алатау ауданы, Ырысты 46/2, мекенжайында өрт шықаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына жақын жерде кезекшілік атқарған өрт сөндіру бөлімшелері жетті. Олар көлік доңғалақтары мен қоқыстың өртеніп жатқанын анықтады. Қызыл жалын 35 шаршы метр жерді шарпыған. Оқиға орнында 1 автоцистерна мен 5 өрт сөндіруші жұмыс істеді, - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Бұған дейін «Бақорда» базарының маңында дүкеннен өрт шыққан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама