Шымкент тұрғыны мүгедектерге тегін протез істеп жатыр
Мұхаммеджан Ержанұлы мұны табыс көзі ретінде қарап отырған жоқ
Шымкент қаласында Ақсу ауылының тұрғыны Мұхаммеджан Ержанұлы өзінің гаражында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнап протез шығарып жатыр.
Ол протездің ересек адамдар мен балаларға арналған түрлерін жасап жатқанын айтты. Оның айтуынша, қолға киетін протездермен 10 килоға дейінгі жүкті көтеруге болады. Протездер үш түрлі жолмен қызмет етеді. Бірінші сенсорлық жолмен, екінші телефон құрылғысы, ал үшінші ЭМГ арқылы, яғни бұлшықет арқылы жұмыс істейді.
Өнертапқыш Мұхаммеджан Ержанұлы мұны табыс көзі ретінде қарамай, жалпы мұқтаж жандарға тегін беруге дайын екенін ескертті.