Жыл басынан бері жол апатынан қанша адам көз жұмды?
Елімізде жыл сайын жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 мыңна аса адам қаза табады
Биыл 6 айда жол апатынан 900-ден аса адам көз жұмды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.
2022 жылғы 6 айда Қазақстанда 6 мыңнан аса жол апаты тіркелді. Салдарынан 947 адам қаза тауып, 8 110 адам түрлі дене жарақатын алды. Жол апатының басым бөлігіне жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережесін саналы түрде бұзуы себеп, - деді Ақтоты Боранова ІІМ-де өткен брифингте.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасының 95%-ы жүргішулілердің кінәсінен болады:
- көлік жылдамдығын арттыру;
- маневр жасау қағидаларын бұзу;
- жолдың қарсы бетіне шығып кету.