×

«Халықтың наразылығын тудыруы мүмкін». Тоғжанов Үкімет мүшелеріне тапсырма берді

Отырыста азық-түлік бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу керегі айтылды

 Дәурен Ерболат 04.07.2022 | 12:12
Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздегі әлеуметтік мәселелерді қатаң бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Бүгін Ералы Тоғжановтың төрағалығымен мемлекеттік органдардың тәуекелдерді талдау мен болжамдық қызметін күшейту мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік органдар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің халықты алаңдататын сұрақтарды алдын ала болжап, оларды шешу бойынша нақты алгоритмдерді әзірлеу мәселелері талқыланды.

Кез-келген мәселе уақытында шешілмесе, халықтың наразылығын тудыруы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік органдар тәуекелдерді үнемі талдап, оларды шешуге әрдайым дайын болуы керек,- деді вице-премьер.

Кеңес аясында мемлекеттік органдардың жалақы бойынша қарыздары, коммуналдық тарифтер, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен өнімдердің бағасын реттеу, электр энергиясын өндіру, көмір жеткізу, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету, қоқыс полигондары және тағы басқа мәселелерді шешу жөніндегі есептері тыңдалды.

Отырыста оқу-ағарту министрлігіне және әкімдіктерге педагогтерге жалақыны уақытылы төлеуді қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы министрлігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін өндіріс пен тұтыну теңгерімінің нақты болжамын әзірлеу тапсырылды.

Ералы Тоғжанов балаларды жаңа оқу жылына дайындау маусымы жақындағанын және бұл халық шығындарының ұлғаюына әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан бағаны тұрақтандыру үшін қолданыстағы нарықтық құралдардың мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет.

Кеңес қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік органдар мен өңірлер әкімдіктерінің алдына келесідей міндеттер қойылды:

  • жалақы бойынша берешектің пайда болуына жол бермеу;
  • барлық ықтимал тәуекелді тұрақты негізде талдау және саланың проблемалық мәселелерін шешу бойынша қадамдық іс-қимылдар алгоритмін әзірлеу;
  • проблемалық мәселелер болған жағдайда олардың шешімін айрықша бақылауға алу;
  • мемлекеттік органдардың ақпараттық, түсіндіру жұмыстарын күшейту, әлеуметтік желілердегі алаңдарды белсенді түрде жүргізу, сондай-ақ халықтың сұрақтарына уақытылы жауап беру.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Таңертең және түнде тұман күтіледі
29.01.2023 | 22:32

Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен баласын пышақтады - іс сотқа жіберілді

Жүкті әйел мен жеткіншек жеңіл дене жарақаттарын алған
29.01.2023 | 21:43

Экскурсия кезінде 10 оқушы қаза тапты

Балалардың жасы 7-14 жас аралығында болған
29.01.2023 | 20:50

Шымкент қаласына қауіп төніп тұр

«Бадам» су қоймасында қазір тасқынның алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр
29.01.2023 | 19:55