×

Шойгу Ресей әскерінің Луганск облысын түгел басып алғанын айтты

Украинаның сарбаздары Лисичанск қаласынан шегінді

 Дастан Жұмабекұлы 04.07.2022 | 12:07
фото: rbc.ru

Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Владимир Путинге Украинаның Луганск облысын түгел басып алғанын айтты. Ол Кремльдің басшысына өздерін-өздері тәуелсіз мемлекет деп жариялаған «Луганск Халық Республикасының» «азат етілгенін» мәлімдеді.

Rbc.ru-дың хабарлауынша, Ресейді қарулы күштері Луганск облысының Лисичанск қаласын толығымен басып алды. Бұл қала - облыстың ірі қалаларының бірі. Ресей әскері украин жауынгерлерінің оны тастап шыққаннан кейін қалаға толық бақылау орнатты.

Украина қарлы күштерінің бас штабы күші әлденеше есе басым жаумен ұстаспай шегінгенін, Лисичанскіге міндетті түрде қайта оралатынын хабарлады.

Лисичанск - Украина әскері бақылауындағы Луганск облысының соңғы қаласы болатын.

Соңғы бір аптада Лисичанск қаласы үшін кескілескен шайқас болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама