Хабарламаның жалған екені анықталды
Алматыда сауда ойын-сауық орталықтарының біріне бомба қойылғаны туралы хабардан кейін ол жердің қызметкерлері мен келушілер толық эвакуацияланды.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін 10:04 шамасында 102 пультіне сауда ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны туралы қоңырау түскен.
Сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі, күзет қызметі және құқық қорғау органдары жалға алушылар мен келушілерді эвакуациялау үшін, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының іс-шараларды одан әрі жүзеге асыруы үшін тиісті сценарий әзірледі. Қысқа мерзімде қабылданған іс-шаралар нәтижесінде хабарламаның жалған екендігі анықталды, – деп хабарлады ПД-ның баспасөз қызметі.
Алматы полициясы тұрғындарды жүргізіліп жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырды.