×

Жыл басынан бері Атырау облысында 10 адам суға кетті

Биыл облыс бойынша 238 жерге шомылуға тыйым салынған

 Айнұр Асылбекқызы 04.07.2022 | 11:36
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Арыстанбек Түменов жыл басынан бері өңірде 10 адам суға кеткенін мәлім етті.

Шомылу маусымында, яғни 1 маусымнан бастап облыста 3 адам қаза тапты, оның ішінде екеуі бала. Өткен жылдың осы кезеңінде 9 адам суға кетіп, қайтыс болса, оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған адам. Статистика бойынша өткен жылмен салыстырғанда оқыс оқиғаның 66,6%-ға азайған.

Облыстың су айдындарында адам өлімін болдырмау мақсатында ТЖД полиция қызметкерлерімен және әкімдік өкілдерімен бірлесіп, күнделікті үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Оған 273 адам, 44 бірлік автокөлік және жүзу құралдары қатыстырылуда. Өлімнің негізгі себептері - ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы және балалардың ересектердің қарауынсыз өз бетімен шомылуы, - дейді А.Түменов.

Маманның айтуынша, Атырау қаласы, Жылыой және Құрманғазы аудандарындағы үш судан құтқару станцияларында орналасқан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асырады.

Ал, биыл облыс бойынша 238 жерге шомылуға тыйым салынған. Сондай-ақ, шомылуға рұқсат етілген және тыйым салынған орындар 2-ГАЖ электрондық картасының қосымшасында көрсетіледі.

Оқыс оқиғаның алдын алу үшін облыстық ТЖД қарапайым қағидаларды ұсынады. Айталық, «шомылуға тыйым салынады» деп жазылған жерлерде суға түспеуге, жүзу шекарасын белгілейтін қалқыма белгілерді кесіп өтпеуге, кемеге, қайыққа және судағы басқа да құралдарға жақындамауға, мас күйінде шомылмауға, тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде шомылмауға, жүзуге арналмаған заттармен жүзбеуге кеңес береді. Сонымен қатар, қайықтардан, жағажайлардан, бекеттерден және осы мақсаттарға бейімделмеген басқа да орындардан суға секірмеу керек. Су қоймасында қауіпсіздік белгілерін өз бетінше алып тастауға, бүлдіруге немесе орнатуға болмайды.

Айта кетейік, 2021 жылы 28 адам, оның ішінде 10 бала қаза тапқан. Сол уақыт ішінде ТЖД күшімен 4 адам, оның ішінде 2 кәмелетке толмаған адам құтқарылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Манту орнына БЦЖ: министр екпеден зардап шеккен балалардың ата-аналарымен кездесті

Балалар қысқы демалыста «Бурабай» санаторийінде сауықтырудан өтеді
01.12.2022 | 16:16

«Мақсатымыз – эмоционалдық қолдау»: Кез келген адам балалар үйінде тәлімгер бола алады

Қазақстанда 4 мыңнан астам бала жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатыр
01.12.2022 | 16:06

Иранда ереуілшілер өз футболшыларының жеңіліп қалғанын тойлады

Халық билікке қарсылығын осылайша білдіріп отыр
01.12.2022 | 15:58

Жамаубаев қазақстандық делегацияны бастап Жапонияға барды

Онда елімізге инвестиция тарту мәселесі талқыланады
01.12.2022 | 15:52