×

Талдықорғанда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды

Кіндігі кесілмеген, жолдасымен қоса жатыр

 Еркеғали Болатұлы 04.07.2022 | 11:21
фото: ашық дереккөз

Бүгін таңғы сағат 8:00 шамасында Талдықорғанда 7 шағынаудандағы 17 үйдің қоқыс төгетін жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды. Куәгердің айтуынша, нәрестенің кіндігі кесілмеген.

Қоқыс төгуге шыққанмын. Қарасам, ақ орамалға оралған бала жатыр. Кіндігі кесілмеген. Жолдасымен қоса жатыр. Бала өліп қалған. Шамамен мерзімінен бұрын (7-8 айлық) туған ба деп ойлаймын, кішкентай бала екен, - деді ҚазАқпарат тілшісіне жауап берген куәгер.

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Әзірге баланы қоқысқа кімнің тастап кеткені белгісіз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама