Оның жазасын өтеушілерден 4 млн теңге талап еткені дәлелденген
Шымкентте колонияның бұрынғы басшысы сотталды. Істі әл-Фараби аудандық соты қарады.
Otyrar.kz-тің хабарлауынша, ол пара алды деп айыпталған.
Тергеу барысында 167/3 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысы алты сотталушыдан жазаны жеңілдетуге және оларды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды тездетуге уәде беріп, 4 миллион теңге талап еткені анықталған.
Жүнісбековтің кінәсі толық дәлелденді. Алты тұтқын және басқа да куәгерлер бар, - деді әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Төлешов.
Сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты. Соған қарамастан ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы басшы жазаны қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.