×

Шымкентте түрменің бұрынғы басшысы тоғыз жылға сотталды

Оның жазасын өтеушілерден 4 млн теңге талап еткені дәлелденген

 Дастан Жұмабекұлы 04.07.2022 | 11:07
фото: atameken.kz

Шымкентте колонияның бұрынғы басшысы сотталды. Істі әл-Фараби аудандық соты қарады.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, ол пара алды деп айыпталған.

Тергеу барысында 167/3 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысы алты сотталушыдан жазаны жеңілдетуге және оларды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды тездетуге уәде беріп, 4 миллион теңге талап еткені анықталған.

Жүнісбековтің кінәсі толық дәлелденді. Алты тұтқын және басқа да куәгерлер бар, - деді әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Төлешов.

Сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты. Соған қарамастан ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы басшы жазаны қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оқушыларға шетелге рұқсатсыз шығуға тыйым салынуы мүмкін

25 мамырда оқушылардың бір тобы Оқу-ағарту министрлігінің рұқсатынсыз Қырымға барған еді
06.06.2023 | 16:55

Қостанай облысында жол апатынан ер адам мен баласы қаза тапты (ВИДЕО)

Тағы 3 жолаушы ауруханаға жатқызылды
06.06.2023 | 16:48

Әскери мектептегі әлімжеттік: Қорғаныс министрлігі түсінік берді (ВИДЕО)

Ведомство мамандары бейнежазбаны тексерген
06.06.2023 | 16:35