×

Атырауда қымбат пәтерлерді «жалға берумен» айналысқан алаяқ ұсталды

Күдікті 20 адамды сан соқтырған

 Дәурен Ерболат 04.07.2022 | 10:51
Фото: nashkiev.ua

Атырауда жоқ пәтерлерді «жалға берумен» айналысқан алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алаяқ сайтқа қымбат пәтерлерді жалға беретіні туралы хабарландыру орналастырып, адамдарды алдаған. Әйел 50% мөлшерінде тұрғындардан алдын ала төлем сұраған.

Күдікті 20 адамды алдаған. Оның ішінде елорда, Алматы, Тараз, Қарағанды, Қостанай және ШҚО тұрғындары бар. Полицейлер 42 жастағы ақтөбелік әйелді ұстады. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп жазылған Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама