Шымкентте алаяқтықтың жаңа түрі шықты
Алданған әйел 17 миллион теңгеден айырылған
Шымкент қаласының полиция департаменті алаяқтықтың жаңа түрі туралы хабарлады.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қаратау аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ол Facebook әлеуметітк желісінде белгісіз біреудің ұлттық компаниялардың бірінің атын жамылып, биржа нарығына салған ақшаны еселеп көбейтуге уәде бергенін айтқан. Соған сеніп қалған әйел Meta trader 4 бағдарламасына қомақты қаржы салып, 17 миллион теңгеден айырылған.
Полиция істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркелгенін атап өтті.
Тәртіп сақшылары интернет-алаяқтықтың жаңа түрі екенін айтты. Қазір полицейлер күдіктілерді анықтау мақсатында жедел-іздестіруді бастап кетті.