Грузиндер де биліктен жаңа реформаны талап етіп, митингке шықты
Оларда билік реформасын жүргізу үшін 6 ай уақыт бар
Кеше Грузиядағы азаматтық сектор, оппозициялық саяси партия өкілдері мен тұрғындар 3 шілдеде Тбилисдегі Парламент ғимаратының маңында митинг өткізіп, Үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.
Наразылық білдіргендер биліктен елде реформа жүргізе алатын және Еуроодаққа мүшелікке қабылдануға қол жеткізе алатын министрлер кабинетін жасақтауды талап етіп отыр.
Айта кетсек, Еуроодақ көшбасшылары 23 маусымдағы одақ саммитінде Украина мен Молдавияға ұйымға қосылу үшін кандидат мәртебесін берген болатын. Олар Грузияның еуропалық келешегін мойындап, оған да бірнеше талапты орындаған соң мәртебені беруге дайын екенін мәлімдеген.
Алайда Грузияда билік реформасын жүргізу үшін 6 ай уақыт бар. Үш елдің Еуроодаққа қанша уақытта қосылатыны белгісіз. Еуроодақ мүшелігі туралы келіссөз 10 жылдан аса уақытқа созылуы мүмкін.