×

Қазақстан халқының тең жартысы вакцина салдырды

Соңғы тәулікте 158 адамнан коронавирус анықталды

 Дастан Жұмабекұлы 04.07.2022 | 09:40
фото: zakon.kz

3 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 526 717 адам, 2-компонентін 9 311 459 адам салдырды.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«Pfizer» вакцинасының I-дозасын 1 224 519 адам, ІІ-дозасын 1 154 127 адам салдырды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы тәулікте 158 адамнан коронавирус анықталды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 35, Алматыда - 88, Шымкентте - 6, Ақмола облысында - 4, Алматы облысында - 5, Атырау облысында - 8, Қарағанды облысында – 7 адам ауруды жұқтырды. Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бір адамнан ауруханаға түсті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама