Елбасы стипендиясының атауы өзгеруі мүмкін
Жобаны Мәдениет және спорт министрлігі ашық талқылауға шығарды
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Стипендия атауын өзгерту туралы жоба «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.
«Құжатта Қазақстанның тұңғыш президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия деп өзгерту көзделген», - деп жазылған Мәдениет және спорт министрлігінің хабарламасында.
Биыл 15 шілдеге дейін жоба қоғамда талқыланады.