Журналист болып жатқан оқиға қызметімен байланысты деп есептейді
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров журналист Михаил Козачков өз жұмысын заң аясында істеп отыр деп есептейді.
ҚР Конституциясының 20-бабы сөз бостандығына кепілдік беретінін еске саламын. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.
Әрине, министрлік БАҚ өкіліне, сондай-ақ оның мүлкіне қатысты мұндай заңсыз әрекеттер жасауға ешқандай себеп жоқ екеніне сенімді. Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттерге тез арада құқықтық баға береді деп сенемін. Өз тарапынан министрлік журналистке қатысты құқықтар мен бостандықтардың шектелуін болдырмау және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасында берілген мүмкіндіктер шеңберінде тергеу барысын қадағалайтын болады, - деп жазды Омаров әлеуметтік желідегі парақшасында.
Кеше журналист Козачков көлігі бүлінгенін және өзіне әлдекімдер қысым жасағанын мәлімдеп, полицияға арыз түсірген болатын. Ол болып жатқан оқиғаны қызметімен байланыстырып, өзіне қысым көрсетуші Алматы қаласы әкімшілік полициясының басшысы Нұрлан Аманбектен күдіктенеді. Бұған дейін Нұрлан Аманбектің ұлының тойынан деп жазба жариялаған.