Halyq Uni логотип
×

Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен журналист қамауға алынды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентік мәлім етті

 Халық үні 03.07.2022 | 09:56
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен журналист қамауға алынды
Фото: ашық дереккөздерден

Журналист-блогер Махамбет Әбжан кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған азамат Махамбет Әбжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті, — делінген хабарламада.

Агенттік 3 шілдеде жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде журналисттің 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласының уақытша ұстау орталығына қамауға алынғанын мәлім етті. Қазіргі кезде Махамбет Әбжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама