×

Арқалықта бір мезетте 1000 домбырашы қазақ күйлерін орындады (ВИДЕО)

Күй шерткендердің ең үлкені - 87 жастағы домбырашы болса, ең кішкентайы - 8 жастағы өнерпаз

 Қанат Атаманов 03.07.2022 | 06:31
Фото: egemen.kz

Қостанай облысында Ұлттық домбыра күні және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында бір мың домбырашы бір мезетте қазақтың танымал күйлерін орындап, өнер көрсетті.

Ұлттық өнер дәріптелген шараға қалалық халық аспаптар оркестрі мен шаһар тұрғындары қатысты.

Оркестр «Тепеңкөк», «Салкүрең» сияқты халық күйлерін, Құрманғазының «Балбырауын», Нұрхан Ахметбековтың «Жеңіс», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйлерін нақышына келтіре орындады. Осы шараға дайындық барысында 700 адам қолына алғаш рет домбыра ұстаған, - деді Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.

Күй шерткендердің ең үлкені - 87 жастағы домбырашы болса, ең кішкентайы - 8 жастағы өнерпаз.

Сондай-ақ, шара барысында бір әулеттің 22 мүшесі өнер көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оралдық оқушы кішігірім құраммен мульттоптама түсіріп шықты

Алғашқы серияны түсіруге 6 ай уақыт кеткен
26.03.2023 | 13:55

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43