×

Естімеген елде көп: Мексикадағы Сан-Педро-Уамелула қаласының мэрі аллигаторға үйленді (ВИДЕО)

Шараға қатысушылардың қауіпсіздігі үшін «қалыңдықтың» жақтары жіппен байланып тасталған

 Қанат Атаманов 03.07.2022 | 00:00
Фото: ашық дереккөздерден

Виктор Уго Соса мұны XVIII ғасырдан бері жалғасып келе жатқан дәстүр аясында жасады. Рәсім кезінде Кішкентай ханшайым есімді жеті жасар аллигатор қалыңдықтың көйлегіне кигізілген. Шараға қатысушылардың қауіпсіздігі үшін «қалыңдықтың» жағы жіппен байланып тасталған.

Daily Mail басылымының хабарлауынша, рәсім аясында рептилия Жер ананы бейнелесе, оның мэрге тұрмысқа шығуы адамның құдаймен байланысын білдіреді. Осылайша, қала билігі биыл молшылық болады деп үміттенеді.

Біз бұл шараны жазда жаңбырдың көп жауып, тамақтың жеткілікті, ал өзендеріміз балыққа толуы үшін жасаймыз, - деп атап өтті мэр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама