×

Круиз кемесіндегі жаппай төбелеске 60 адам қатысқан (ВИДЕО)

Алғашында екі жолаушының арасында кикілжің туындап, бір-біріне қол жұмсаған

 Қанат Атаманов 02.07.2022 | 20:30
Фото: видеодан скриншот

АҚШ-тың Манхэттен портында тоқтаған Carnival Cruise Lines круиздік кемесінде кем дегенде 60 адам жаппай төбелес шығарды. Оқиғаның видеосы мен мәліметтерді New York Post жариялады.

Лайнер Нью-Джерси штатындағы Кейп Либерти портынан шыққан. Қақтығыс түнгі сағат 02.00 шамасында бесінші қабаттағы би алаңында басталады. Алғашында екі жолаушының арасында кикілжің туындап, бір-біріне қол жұмсаған. Кейінірек оларға басқа демалушылар қосылады.

Видеодан бірнеше адамның төбелесті қалай ажыратуға тырысқанын көруге болады. Адамдар еденге құлап, бір-біріне соқтығысып жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, жаппай төбелес шамамен бір сағатқа созылды. Осы уақыт ішінде оның қатысушылары бірінші қабатқа көшті. Лайнердің қауіпсіздік қызметі оқиға туралы АҚШ жағалау күзетіне ескертуге мәжбүр болды.

Полиция оқиғаны тергеуді бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама