×

Жабық елдердің бірі туристерге үш есе салық төлеп, кіруге рұқсат береді

Патшалық кіру саясатын өзгерту туралы шешім қабылдаған

 Қанат Атаманов 02.07.2022 | 20:00
Фото: tengrinews.kz

23 қыркүйектен бастап Бутан корольдігі пандемияға байланысты екіжылдық үзілістен кейін шетелдік туристер үшін қайтадан шекараны ашады. Жаңартылған кіру ережелері туралы елдегі туризм кеңесінің сайтында жазылды.

Бұл елдің туризм министрі және кеңес төрағасы Танди Доржидің айтуынша, елдің туристік секторы қайта құрылады. Енді инфрақұрылым мен көрсетілетін қызметтердің сапасы, туристердің саяхаттау тәжірибесін жақсарту және сектордың қоршаған ортаға әсері дамудың басым бағыттарына айналады.

Осыған байланысты патшалық кіру саясатын өзгерту туралы шешім қабылдаған. Әр шетелдік туристен күнделікті салық 65 доллардан 200 долларға дейін, яғни үш есе артады. Сонымен бірге, билік туристік пакеттің минималды құнына қойылатын міндетті талапты алып тастайды және саяхатшыларға туроператорлардың көмегінсіз жергілікті қызмет жеткізушілеріне тікелей жүгінуге мүмкіндік береді.

COVID-19 бізге көміртегі ізін төмен деңгейде сақтай отырып, Бутанға экономикалық жағынан ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік жағынан да пайда әкелу үшін туристік секторды қалай құру және пайдалану керегін қайта қарастыруға мүмкіндік берді, - деді министр.

Айта кетсек, Бутан патшалығы Азиядағы ең жабық елдердің бірі. Елге кіру үшін елдің туризм министрлігінде аккредиттелген белгілі бір туристік агенттік арқылы рұқсат алу керек. Саяхатқа тек гидтің сүйемелдеуімен немесе ұйымдасқан топтардың құрамында рұқсат етіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама