Науқастардың 90 проценті Еуропа елдерінде тіркелген
Мұны Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы хабарлайды. Мамандардың айтуынша науқастардың 90 проценті Еуропа елдерінде тіркелген.
Көбінесе 21 мен 40 жас аралығындағы адамдар инфекция жұқтырып жатыр. Олардың 99 проценті ер адамдар. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының мамандары эпидемиологиялық бақылауды күшейту керек деп дабыл қағады.
Дәрігерлерге ауруды бастапқы кезеңде анықтап, оның таралмауы үшін тиісті шараларды шұғыл қолға алу керек деген кеңес берілді.