×

Алматыдағы Сайран көлінің суын ағызатын болды

Сынама алған санэпидемиологтар осындай шешімге келді

 Халық үні 02.07.2022 | 17:47
Фото: ашық дереккөздерден

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматыдағы Сайран су қоймасы ластанғанын хабарлады

Енді көл суы толық ағызылатын болды.

Ластану көзін анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін Алмалы және Әуезов аудандары әкімдіктерінің, ішкі істер бөлімінің, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен экологтардың арасынан комиссия жұмыс істеп жатыр. ДСЭК-ке, осы кезеңде Сайран су қоймасының түбін қосымша арнайы әдістермен биологиялық және химиялық тазалау ластану көзі анықталып, арнайы комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін сумен толтырылады, - делінген хабарламада.

Көл суын ағызу 2-3 күнге созылады. Сондықтан төтенше жағдайлар департаменті мамандары халықтан жақын күндері суға шомылмауды сұрайды. 

Ластану себебін анықтауға түрлі мамандардан арнайы топ құрылған. Қойма комиссия жұмысы біткеннен кейін қайта толықтырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама