Қайғылы оқиға 30 маусымда "Акушерлік, гинекология және геронтология ғылыми орталығында" болды
Одан жеті күн бұрын 34 жастағы әйел кесарьдан кейін комаға түскен болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 317-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, - деді Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры Асхат Жақыпов.
Аудан прокуратурасының қылмыстық істі тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.
Марқұмның кәмелетке толмаған екі баласы – жаңа туған ұлы мен 11 жасар қызы қалғаны белгілі.