×

Алматыда жас босанған әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

Қайғылы оқиға 30 маусымда "Акушерлік, гинекология және геронтология ғылыми орталығында" болды

 Халық үні 02.07.2022 | 12:31
Фото: ашық дереккөздерден

Одан жеті күн бұрын 34 жастағы әйел кесарьдан кейін комаға түскен болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 317-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, - деді Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры Асхат Жақыпов.

Аудан прокуратурасының қылмыстық істі тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.
Марқұмның кәмелетке толмаған екі баласы – жаңа туған ұлы мен 11 жасар қызы қалғаны белгілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама